КӨЛ

lat: KÓL

кілемнің негізгі өрнек салынатын орта тұсының атауы. Кілемнің көлі салынған ою-өрнектеріне байланысты әртүрлі көлемде болуы мүмкін. Дәстүрлі тоқымашылық өнерімен айналысатын кілемшілер өз талғамына сай, кілем көліне бір немесе бірнеше қатар етіп, шатыргүл, самауыргүл, шаршы, гүлкүмбез, аттабан, өрмекші сияқты түрлі өрнек салып тоқыған. Кілемнің көлін айналдыра көп қатарлы су және қорғаны деп аталатын үлкен-кішілі жолақтар айналдыра жүргізіледі.