сын. Көлбеңкі, сұлама, еңкіш. К ө л б е у жардан бір қыз, бір келіншек ылдиға түсіп, өзенге беттеді (Б.Майлин, Шығ.). Мұнда ол, мәселен, бұрыннан белгілі дөңгелек денелердің көлемімен қатар к ө лб е у конустар, цилиндрлер т.б. толып жатқан қуыс денелердің көлемін табуға көңіл бөлінген т.б. шығыстың сәулет өнеріне тән элементтері бар құрылыстарға қатысты геометриялық есептеулер жүргізеді (А.Көбесов, Математика.). Жыл мезгілдерінің жыл сайын ауысу себебі жер білігінің айналу орбитасының жазықтығына тік болмай, к ө л б еу (еңкіш) болып және орбита бойымен айналу кезінде Жер білігі бағытының өзгермейтіндігінен (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін. тур.). // Көлбей жатқан жер, орын. Дөң к ө л б е у і н түтін тартуға пайдалану үшін мұржасын биік төбелердің басынан шығарып, кен қорытатын ескі пештердің құлаған жұртын талай көрген (Шарапат). Егер ЖРБ 4,9 жаткасы қалбағайсыз жұмыс істесе, платформаның к өл беу і н өзгерту керек (Тракторист). Жердің үстіне мейлінше жақындауы (перигейінде) 500 километр; орбитаның к ө л б е у і 65 градус («Соц. Қаз.»).