ет. 1. Тасалау, қалқалап бүркемелеу. Көк Неваның қара бұлт басқан жүзін, К ө л е г е й л е п алыпты аспан жүзін. Қарай берем тастарға, қарай берем, Табам ба деп бауырымның басқан ізін (С.Мәуленов, Алыс к ет. ). Көктөбенің басына шығып, алақанын күнге к ө л е г е й л е п, жаулығының ұшын тістеп қалып бара жатты (А.Нысаналин, Алыста.). Жамал апай дауысы дірілдеп, есікке бұрылды да, көз жасын Нәдиядан жасырғандай, көйлек жеңімен к ө л е г е й л е й берді (Ә.Сәрсенбаев, Батырлар.). Жоғарыда көбіне елемей ме? Жүрек шіркін сыздайды неге кейде?! Көңіл күнін кеш шығып, ерте батар Мұңның бұлты ұстайды к ө л е г е й л е п (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 2. Бірдеңеден қоргау, сақтау. Тастаңдар қаруларыңды! деп Шынғали сұлтан бетін жел мен қардан к ө л е г е й л е д і (Ә.Әлімжанов, Махамб ет. ). Бекеннің қолы дірілдеп, аптығып шамға от қойды да, өшірмеске тырысып дауылдан ептеп к ө л е г е й л е п тұрды (М.Қаназов, Сонар). Бір сарыннан таймай желіп келе жатқан аттың тұяғынан түйдек ұшқан соқта қар үстіне түсіп, маза бермеген соң, ол қара тұлыбын к ө л е г е й л е п, бір қырындау отырды (М.Дүзенов, Әке.). 3. ауыс. Жасырып, жабу. Әрине, ғасырлар к ө л ег е й л е п кеткен өмір көштерінің әр асуында мақал, мәтелдер туған (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Амал не, көңіліндегі шындықты көлгір сөзбен к ө л е г е й л е й алмады (Б.Нұржекеев, Күтумен өт.).