КӨЛЕМДІК

lat: KÓLEMDİK

сын. Көлемге лайықты, аумақтық, мөлшерлік. К ө л е м д і к өлшемдер ретінде «Му» және «Цинь» дейтін өлшеуіштер пайдаланылатынын көрсетеді Шоқан (М.Елеусізов, Шоқан Уәлиханов). Әсіресе, балықтың к ө л е м д і к салмағын білудің ерекше зор маңызы бар (К.Күленов, Қазақст. балық.). «Миллион мен миллиардты» көз алдымызға елестетіп, мағынасын түсіну үшін олардың ұзындық, салмақтық және к ө л е м д і к мағыналарын қарастырайық («Білім және еңбек»).