сын. 1. Үлкенірек, кеңірек, аумақтылау. Төбенің үстіне шығып, түстікке көз салғандар жалғыз атты арбамен кеткен қалашының қайтардағы қарасы к ө л е м д і р е к боп көрінер деп үміттенеді (Қ.Исабаев, Айқыз). Өзектегі тоғайдың бас жақ қойнауы аласа, бірақ жасыл жапырақты бұтақтары к ө л е мд ір е к, бір-екі түп ағаштар өскен (Ә.Көшімов, Қысталаң.). 2. Ауқымырақ, күрделірек. Оны басқару әлдеқайда қиын. Міндеттері де к өл е м д ір е к, әрі қиын (От.).