КӨМІРСУТЕК

lat: KÓMİRSÝTEK

зат. хим. Көміртек пен сутектен тұратын органикалық қосылыс. К ө м і р с у т е к т е р, негізінен, мұнай айдау процесі кезінде алынады, сондай-ақ көміртек оксиді мен сутекті катализатор қатысында қыздырғанда, қалыпты парафиндер мен тармақталған парафиндер қоспасы түзіледі (ҚҰЭ). Осының арқасында Қазақстан к ө м і р с у т е г і шикізаты жөнінен әлемдегі жетекшi державалардың қатарына енеді, ал болашақта мұнайды сыртқа шығарушы елдердің алдыңғы қатарынан орын алмақ («Егемен Қазақстан»). Атмосфера, негізінен, қызғылт сары түтін секілді, құрамында к ө м і р с у т е г і қоспасы бар азоттан тұрады («Зерде»). Каспий қайраңының Қазақстан жағындағы к ө м і р с у т е к қоры жөнінен Құрманғазы кеніші Қашағаннан кейінгі екiншi орынды алады («Жас Алаш»).