жер астына арнайы көмiлген құнды бұйымдардың қоймасы. Ертеректе ауқатты адамдар басы артық әшекей бұйымдарын, алтын-күміс сияқты қазыналарын сақтау үшін жерге көміп, оны құпия сақтайтын болған. Көмбеге негізінен алтыннан, күмістен, асыл тастардан жасалған бүлінбейтін бұйымдар көмілетін болған. Көмбе үшін өзге адамдардың көзіне тез түсе қоймайтындай, су шайып бүлдірмейтіндей жерлер таңдалған. Қазақта « көмілген алтын-күмістер жердің астына батып кетеді » деген ұғым болғандықтан, ондай бұйымдарды киізге орап немесе қыш құмыраға, сандықшаға салып көмген. Қазына көмілген көмбелерді қазынаның иесі мен тиісті адамдары ғана білгендіктен кей жағдайда ұмытылып, ұзақ жылдар бойы сақталып отырған. Осыған орай қазақта: « көмбені не көмген алады, не көрген алады » немесе « көмбенің иесі екеу: біреуі көмген, біреуі көрген » – деген нақыл сөздер қалыптасқан.