КӨМЕК

lat: KÓMEK

(пар. комәк كمك)   

1. Қолғабыс.

Бір іске бек қабағат налып тұрмын, Сен соған көмек беріп шығар қырға («Арқалық батыр». Бабалар сөзі. 61-том. 2010. 100 томдық).

2. Жәрдем.

Мен қайрат жұмсамаймын қиянатқа, Қайда жүрсе көмек көп ісі аққа («Қозы Көрпеш Баян сұлу» (М.Нукин нұсқасы). Бабалар сөзі. 55-том. 2009. 100 томдық).

Өлімнен киік кетті болып бостан, Солардай жәрдем, көмек тиіп достан («Тұрмағамбет Ізтілеуов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).