КӨМЕК

lat: KÓMEK

зат. Қолғабыс, көрсетілетін жәрдем. Білімі де, білігі де көп еді, Көңілі түссе, көл-көсір-тін к ө м е г і (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Бәрі де көп кедейдің мақұл деді, Әкеме бұл айтқаның ақыл деді. Бір қозы, бір-бір қойдан бермек болды, Болсын деп к ө м е к, жылу пақырға енді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жүгіріп жүр есі шығып жан-жағына алаңдай, К ө м е к сұрап, ал өздері тәуекелге бара алмай (М.Шаханов, Ғасырлар.).