сын. 1. Тозығы жеткен, ескі. Оның аяғы тұсында бетін қабырғаға қаратып к ө н е киімді тағы біреу отыр (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.). Жерде қанша жол жүріп, Басқан ізін көгертіп. Қойған бүгін төрге іліп, Көз тартады к ө н е етік ( С. Мәуленов, Алыс к ет. ). Кере қарыс маңдайы, Басында к ө н е далбағай. Секілді екен көздері Жарқ-жұрқ еткен найзағай (О.Шипин, Дастан.). 2. Бір кездерде болған, өтіп кеткен; бұрътгы, ежелгі. Құлпырған сағым құм арасынан к ө н е замандағы адам мекендерін көтеріп шығарады (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. к ет. ). Осы к ө н е дауды қоздырушыларға Сталин өзі және «Правда» газеті егжей-тегжейлi жауап бердi (М.Шоқай, Таңд.). Қазақтың к ө н е салтында текеметті тек қана жұмсақ қозы жүнінен басқан, өйткенi қозы жүнінің қылшығы болмайды (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 3. ауыс. Көпті көрген, тәжірибелі. Қожабай көпті көрген к ө н е адамның аталы СӨЗІНІҢ астарына көп үңiледi (М.Сатыбалдиев, Жартас.). Бес жүз әскер ауыр қол, Бастығы Ақпан батыр сол. КӨПТІ көрген к ө н е де, қараңғы тұман түнде де (Бес ғасыр.). // Көпті көрген адам. Саған әйтеуiр к ө н е керек болса, ана Елпанның бәйбішесін ал (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.). К ө н е л е р д е н сұрасам, сөзін жинап құрасам, Сауысқандық Түркістан Сенің туған жерің сол екен (Дулат Бабатайұлы, Замана.).