КӨПІРІС

lat: KÓPİRİS

ет. Сөзді судай сапырысу, ісіп-кеуіп мақтанысу. Алаңды қоршап алған купецтер, тиірмен иелері, саудагерлер, офицерлер. Күжілдесіп-күжілдесіп, к ө п і р і с і п алады да, жабылып кетіп тұтқындарды сабайды (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. к ет. ). Сүт тұрды сауған сайын, малдан ағып, Ешкім жоқ азаптанған, оны бағып. «Ет, ет» деп, қымыз ішіп, к ө п і р і с і п, Қазақтар тек жүрмекте сандал қағып (С.Торайғыров, Таңд. шығ.).