зат. 1. Әртүрлі кедергілерден (өзен, сай, жол т.б.) өту үшін арнайы салынған кұрылыс нысаны. Тез жөндейді қираған к ө п і р д і кім, Қаулады ғой кер заман, нөпір жүгің. Абылай де, Ағыбай, «А, Құдай» де, Ту түбінде қазағым отыр бүгін (К.Салықов, Жезкиік). Шоқанның «өзім де барам» деуіне болмай Айжан оны Қылшақты к ө п і р і н е дейін алып барды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Жауынгерлер аттанды, Түнде алуға к ө п і р д і. Жалын шашты зеңбірек, Сол нажағай секілді (С.Мәуленов, Алыс к ет. ). 2. ауыс. Бірдеңені жалғастырушы, байланыстырушы. Бала неғұрлым өскен сайын, ертегі мен шындық өмірдің арасындағы к ө п і р ұзара береді (Семья тәрбиесі). Толқындар шулап көшеді, Көкірегімді к ө п і р ғып, Жүректе желдер еседі, Түседі бұлттан от ырғып (С.Мәуленов, Қызыл арна.).