КӨПІР

lat: KÓPİR

ет. 1. Көбігі шығу, көбіктену. Кермек суда сабын нашар к ө п і р е д і, көбіктенбейді (Химия). Сабаны күмпілдетіп құйды қойып, К ө п і р г е н сары қымыз бір тегене (Қ.Бекхожин, Мариям.). Күшіне қарамай көже де к ө п і р е д і (Мақал-мәтел). 2. Көбік атып көпіршу, тасып толқандау. Тілеш Күркіреуіктің басына барып, көкке кемзалын қақты, етігін сүртті. Өзі к ө п і р г е н меруерт суға жуынып-шайынды (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). Сеңгер тастан секіріп, Көкке шапшып к ө п і р і п, Сай аузына шыққанда, Сарқырады шешіліп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. этн. Сабалған жүнді екінші рет сабаулап, шаң-тозаңынан арылту. Көпірте сабаулау. 4. ауыс. Мақтану, бөсу, масайрау. Белорус майдандарының әскерлері немістердің көптен к ө п і р і п мақтаған бекіністерінің тас-талқанын шығарып, бұзып өтті (С.Сейітов, Сөз сұра). Ең жаман өтірік к ө п і р і п отырып, Дастарқан басында айтылған өтірік (Қ.Мырзалиев, Домбыра.).