үст. 1. Мол, қыруар. Жамағаты жоқ мешіт жетім, К ө п наданның ішінде ғалым жетім, К ө п ғалымның ішінде надан жетім (М.-Ж. Көпеев, Шығ.). К ө п аруақ келді кіріп, К ө п қиянат қылғаным. Кетті бетке бір түкіріп, Қақырықпен сулатып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Бұлардан басқа есепсіз к ө п залымшылық қылыпты (М.Дулатов, Шығ.). Естімеген елде к ө п (Мақал). // Халық, көпшілік, жұртшылық. «Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес» деген, қатын өсек сықылды быш-быштаған ұсақ күңкілдер к ө п т і ң көмегіндегі жұмысты тоқтатып, елдің ілгері басқан аяғын кейін кетіре алмас (М.Дулатов, Шығ.). Жиған дүние к ө п к е ортақ, жұртқа несіп (М.-Ж. Көпеев, Шығ.). О не дегенің, к ө п т і ң тілегі көл емес пе? (Ж.Аймауытов, Шығ.). К ө п құлағы мақтаменен тығулы, Қасқыр қуып үріккен қойдай ығулы. Құбыжық бар десе, қорыққан баладай, Су жүрек боп сорлы қазақ бұғулы (М.Дулатов, Шығ.). Ерлерім үздік өренім, Көрсетті к ө п к е өнерін; Аяқтап боп зор істі, Тудырды шаттық жеңісті (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2. Едәуір, бірсыпыра. Дос азайып, к ө б і сенен кетеді, Алдың сиреп, арттағылар жетеді. Жетпейді ешкім сол аңсаған тойына Өйткені ол той өлген күнінде өтеді (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Тойшының к ө б і тарап кетті (М.Әуезов, Қараш.). Жиналыста к ө п адам сөйледі, көп кемшілік айтылды (Адам және химия). Аз пұлменен к ө п қайрат Көрсеттің ерлік, сырттаным! Қазақтан шыққан жүйріктер Көрсетті көзге шабысын (М.Дулатов, Шығ.). 3. Ұзақ, талайга дейін. К ө п ізденіп, к ө п зерттедім ерінбей, К ө п жыл бойы қалдым елге көрінбей. «Кө п күттік», деп жүрген шығар оқушым, К ө п толғандым оқысын деп жерінбей (М.Хакімжанова, Аялы жан.). Кешіктім, к ө п отырдым тас қамауда Қарамен дәурен өтті күн санауда (Қаз. әндері). Аңсап жолыққан екі асық тар төсекте не айтысып, не қойыспайды; таң атқанша, іш-пыш-мыш... деп к ө п сыбырласты. Ол сыбдырды жазуға орман қалам, аспан қағаз, теңіз сия болу керек... (Ж.Аймауытов, Шығ.). Дүрсілі жүрегімнің басылмады, К ө п тұрдым кеткендей боп салым суға. Ұялдым өзге жұрттан қасымдағы, Өзіңе жақын барып танысуға (М.Шаханов, Ғасырлар.).