КӨРУ

lat: KÓRÝ

Көр етістігінің қимыл атауы. 1. тарау, көз тігу. Ұлы Москваны биіктер биігінен ғана түгел к ө р у г е болады. Ойда тұрған адам оны көре алмайды (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). К ө р у г е тым қашықтан, Дағдыланған көзі ұдай. Енесіне асыққан. Ол дағы бір қозыдай (С.Мәуленов, Алыс к ет. ). 2. ауыс. Қызыцтау, цасында болу. Асыға көшті кірекеш, Тройцкінің со бір кеш. К ө р у г е қызық базарын. Өткенінде Торғайдың, Көп тұрып өтті керуен (О.Шипин, Дастан.). Аман бол өзің! Не дейін саған өзге мен, Өзіңді бүгін К ө р у де қиын көзбенен. Құдірет-күшің өлшенер барлық тілдегі «Миллиарддеген жалғыз-ақ сөзбенен (С.Жиенбаев, Алтын қалам). 3. ауыс. Кездесу, жолығу. К ө р у д і қайта жазбаған Жалғадым солар арманын, Күл болып кете жаздаған Көтердім қара шаңырағын (С.Жиенбаев, Алтын қалам).