зат. Көрермен. Залда, к ө р у ш і л е р арасында, емшектегі баласын ала келген әйелдер де бар (М.Әуезов, Индия очерк.). Ән-күйсіз драмаға қазақ к ө р у ш і л е р і алғашқы кезде сирек барды (С.Мұқанов, Саяхат.). Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», С.Мұхаметжановтың «Айсұлу» операларын, Ғазиза Жұбанованың «Аққұс» балетін к ө р у ш і қауым аса жылы қабылдады (І.Омаров, Серпін).