КӨР ҚАЗУШЫ / КӨРШІ

lat: KÓR QAZÝSHY / KÓRSHİ

көр қазып, дайындаушы адам. Кәсіптің бұл түрі ХІХ ғ. ортасынан бастап пайда бола бастаған. Ал оған дейінгі деректерде көр қазушы туралы мәлімет кездеспейді. Қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу үшін тәжірибелі, әрі көр қазып дағдыланған көр қазушы қазылатын жерді таңдайды. Көрді 3-5 адам қазады.                                                                                       Қазақы ортада оған марқұмның ет жақындары мен туыстары атсалысады. Көр қазушыға көр ақысы ешкі, қой немесе көр қазушыларға деп көбінесе қазақы ортада көрдің төрт қабырғасына деп төрт қара серкеш үлестіретін үрдіс болған. Бірақ, көбінесе көйлек, орамал, ақша сияқты ақы берілді.