КӨРМЕ

lat: KÓRME

зат. Белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсететін орын. Халықтың он саусағынан өнері тамған шеберлері Суретшілер одағына мүше болып, шығармалары сурет көрмелеріне қойылып отырды (Қазақст. бейнелеу.). Сол жылдың жазында Әміре Германияның Майндағы Франкфурт қаласында болатын жержүзілік музыкалық к ө р м е г е жіберілді (А.Жұбанов, Замана.). ...Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясына арналған кітап к ө р м е с і ашылды («Жетісу»). Жаңа заман к ө р м е с і орын берді өлеңге. Кел, ақындар, жолдастар, Тиейік өлең вагонға (Ә.Тәжібаев, Өлеңд. поэм.).