зат. 1. инф. Мөлшер дәрежесін білдіретін құрал. Осыны ескеріп, үйді желдеткенде термометрдің к ө р с е тк і ш і 16 градустан төмен түспеуін қадағалау керек (Б.Хабижанов, Бала.). Одан төмен температурада май бағанының көлемі кішірейіп, май өлшеуіштегі к ө р с е т к і ш төмен болады (С.Сейітов, Сүт өңдеу.). 2. Алдын ала жоспарланған белгілі бір табыс өнімінің орындалуға тиіс тиянақталған мөлшері. Еліміздің өнеркәсібі үстіміздегі жылдың алты айлық жоспарын негізгі к ө р с е т к і ш т е р і бойынша орындап шықты («Қазақст. мұғ.»). 3. Орындалған істің, жұмыстың нәтижесі. Өткен жылы әр сиырдан 2400 литр сүт сауып, жақсы к ө р с е т к і ш к е ие болған («Соц. Қаз.»). К ө р с е т к і ш і жүз сексен шофер Яков, Жарыста көрген емес тайқып, шеттеп (Айтыс).