КӨШІРМЕ

lat: KÓSHİRME

зат. 1. Түпнұсқа жазудан көшіріліп алынған дана. Бас редактордың секретары маған бұйрықтың к ө ш і рм е с і мен жолдама қағазды ұсынды (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.). Экспедицияның хабарламасын және баяндаманың да к өш і р м е с і н жіберіпті (С. Бегалин,Шоқан). 2. инф. <ағыл. copy> Көшірме алу нәтижесі [MS DOSта көшірме алу командасы]. Көшірме тікелей алғашқы түпнұсқадан жасала береді (ҚҰЭ). К ө ш і р м е л е р д і ң толық дәлдігін қамтамасыз етеді (ҚҰЭ).