КӨШБАСШЫ

lat: KÓSHBASSHY

Слипте аты бірінші тұратын жетекші андеррайтер. Брокер үшін көшбасшы таңдау ерекше маңызды сәт болып табылады. Көшбасшы сақтандыру саласындағы білгір тұлға болуы; олардың артынан басқа да сақтандырушылардың еретінін ескере отырып, сыйлықақы мөлшерлемесі мен сақтандыру талаптарын дұрыс белгілеу; өзінің тәуекелге қатысу көлемін ақылмен белгілеу; басқа сақтандырушылар сеніміне ие болу керек.