зат. Қоғамдық ұйымның жеке ықпалы әлеуметтік процестерде және жағдайларда, ұжымдағы, топтағы, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеуде маңызды қызмет атқаратын кез келген әлеуметтік топтың беделді мүшесі; сол қауымдастықтың мүдделерін қанағаттандыру бағытталған ортақ ісәрекетті ықпалдастыру мақсатында әрекет жасауға қабілетті тұлға. К ө ш б а с ш ы ол жеке қасиеттері, қабілеттері сол қоғамның қажетіне жарайтын, соның арқасында қызметі пайдаға асатын жеке тұлға (шеберкәсіп иесі, талантты зерттеуші жән ет. с.с.) (Саяси сөздік). К ө ш б а с ш ы ғ а тән белгілер нақтылы топтағы адамдар мүдделерін қанағаттандыратын ондағы айқын бағыттың барынан білінеді: танымалдық, адамдарға ұнай білу қабілеті; күшті ерік, өзіне жауапкершілікті жүктей білу, өткір ой мен сыршыл сезім иесі; ұйымдастырушылық дарыны, шешендік өнері; «атына затының» сай болуы (Саяси сөздік). Қазақстанда роман жанрының дамуына к ө ш б а с ш ы болды (М.Дулатов, Шығ.). Бұл жұмысқа Қазақстанның барлық азаматтары, көрнекті тұлғалар, қоғамдық пікірдің к ө шб а с ш ы л а р ы, ел дегдарларының өкілдері тартылуға тиіс деп білетін, мұның өзі оған барынша ашық әрі бұқаралық сипат берер еді («Егемен Қазақстан»).