Брокер сақтандыруды (қайта сақтандыруды) орналастырған кезде өзінің білімі мен тәжірибесін қолдана отырып, белгілі бір сақтандыру саласында жетекші ретінде мойындалған, шарттарды және сыйлықақы мөлшерлемесін дұрыс бекіте алатын және әдетте тапсырылған сақтандыруға (қайта сақтандыруға) болуы мүмкін ең жоғары үлесті қабылдайтын алғашқы сақтандырушыны (андеррайтерді) дұрыс таңдау керек. Бұл жағдайда басқа сақтандырушылар (қайта сақтандырушылар) әдетте автоматты түрде көшбасшының шешіміне сүйенеді және өзінің қаржылық мүмкіндігіне сай ұсынылған істе тиісті үлес қабылдайды.