зат. Көкөніс, гүл, жеміс, ағаш және кейбір техникалық дақылдар өсіруде көшіріп отыргызылатын өсімдіктер. К ө ш е т отырғызу арқылы солтүстік облыстарда қырыққабат, қызанақ, бұрыш, ал оңтүстік облыстарда мұнымен қатар баклажан, темекі өсіріледі (Қаз. тілі. термин. Тамақ. ). Қазақстан үшін мәдени екпе орман жасауға ең қолайлы мерзім ерте көктемде к ө ш е т отырғызу (Ө.Орынбаев, Қазақст. орман.). Февраль соңында ұрық шашылады, апрельдің аяғында к ө ш е т т е р отырғызылады (Самғау).