зат. Көкөніс және гүл көшеттерін, сондай-ақ ерте пісетін көкөніс өсіруге арналған жабық құрылыс. Құралмасына қарай к ө ш е т ж а й бір еңісті және екі еңісті болып ажыратылады (Қаз. тілі. термин. Тамақ. ). Шұңқырға және тегіс жерге жасалады. Жыл маусымына қарай ерте, қалыпты және кеш пайдаланылатын түрлері бар. Ақпанның соңынан наурыздың басына дейін ерте к ө ш е т ж а й, наурыздың 2-жартысынан қалыпты к ө ш е т ж а й, ал сәуірдің басынан кеш к ө ш е т ж а й пайдаланылады (Қаз. тілі. термин. Тамақ. ).