КӨТЕРУ

lat: KÓTERÝ

Көтер етістігінің қимыл атауы. 1. Жоғары ұстау, түсірмеу. Алпамсадай мына денемен мойнына асылғанды к ө т е р у оңай жұмыс емес (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). 2. ауыс. Сөз ету, ұсыныс жасау. Баяндамада қазіргі зор міндет екінші тың деп аталған мал шаруашылығын к ө т е р у ісі кеңінен сөз болды (Т.Ахтанов, Боран). 3. ауыс. Көбейту, молайту, арттыру. Бұл е ң б е к ө н і м і н анағұрлым жоғары к ө т е р у г е мүмкіншілік туғызады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.).