КӨЗГЕЛДЕК

lat: KÓZGELDEK

(Орал: Чап., Жымп.; Гур., Маңғ.; Түрікм.: Красн., Таш., Ашх.; МХР) кішкене тостаған.

Көзгелдекпен ішкен қымызға адам қанып болмайды (Гур., Маңғ.).

Қыз қымыз толы көзгелдегін жерге түсіріп алды (Түрікм., Таш.).

Өлең айт десең іркілмейді, домбыраның орнына кішкене көзгелдек сұрап алып, аузын желпіп... бебеулей жөнеледі (Ә. Нұрп., Қан мен тер, 32). Қ. көзелдек.