КӨЗГЕЛДЕК

lat: KÓZGELDEK

зат. жерг. Кшкентай, көздей ыдыс, тостаған. К ө з г е л д е к п е н су іштім, Зәмзәм іштім Геолог бәдәуилер саулығы үшін (О.Сүлейменов, Атамекен.). Кемпір үлкен қарыннан к ө з г е л д е к т і ң жартысына дейін айран, қалған жеріне су құйып, біраз араластырып баласына берді (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.). Сауын малдың ағы азайып, бұрын аузынан шығып пыршып тұратын күбілер қазір өңезденіп, түп жағында бір к ө з г е л д е к ағарған зорға табылатын кез тап келді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).