Күңірен етістігінің қимыл атауы; күйініп зарлану, азалану, қапалану. Салт атпен шоқытып келе жатқан Әлжанның құлағынан Имаштың үйіндегі к ү ң і р е н у көпке дейін кетпей қойды (С.Алдабергенов, Асу.). Қазір күңіренген апасы. Мана да осындай к ү ң і р е н у жет кен. Қатты айқайламай, былдыр-былдыр етеді (Р.Тоқтаров, Ертіс.). «Сұңқардың осынша к ү ң і р е н у і н е қарағанда, көкке шығу тегінде жақсы болуға тиіс-ау» деп ойлады сары бас жылан (М.Жұмабаев, Шығ.).