зат. 1. Өрт шалған, өртенген жер. Жұмағұлдың адам болуы екіталай болғасын, Абақаң оны Баян лазаретіне жөнелтіпті. Жапаштың қора-қопсысының қара к ү й і к орны ғана қалды (Д.Әбілев, Арман.). Ғали ақын жау ісін қара к ү й і к қала мен қанды қолдың жолақ-жолақ ізінен таныса, Қалижан Освенцим лагерін көргендегі кекті ашуды өлеңмен сыртқа шығарады (С.Қирабаев, Октябрь.). 2. биол. Жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тогы мен радиоактивті т.б. сәуленің әсерінен ағза тінінің зақымдануы. Марганец ерітіндісі к ү й і к т і емдеуге таптырмайтын өте күшті дәрі (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.). Үсік пе к ү й і к т і қаз майымен сылайтынды да білетінбіз (Ж.Орманбаев, Тұзақтал.). Қайырбектің көйлегі жалба-жұлба қарақұрым күлге айналған; мойын, иықта күйген алақандай-алақандай қап-қара к ү й і к; балтыр, тізеде сау жер қалмаған, өзінде ес жоқ, сұлық жатыр (З.Шашкин, Сенім). 3. ауыс. Қайғы-қасірет, күйініш. Ана байғұс бала к ү й і г і н е төзе алмай төсек тартып жатып алды, қан құсып, күзгі жапырақтай семіп қалды (С.Омаров, Дала қызы). Әйтсе де ұзақ жылғы к ү й і к т і ң жан күйдірген зардабы әлі өше қоймаған екен, ұзақ жылдар бойы маған көз қырын салмай келген Ақбаянның кенет былай сөйлеуі маған бір жалған сезімді аңғартқан секілді (І.Есенберлин, Алтын құс). Жалғыз-ақ Тәшкен аллеясына жақындай бергенде, кемпір аздап есін жия бастап, көк қойдың к ү й і г і н енді сезе бастады. Соғымға деген жалғыз қойымыз еді (М.Әуезов, Шығ.).