КҮЙІП-ЖАН

lat: KÚIİP-JAN

ет. 1. Әбден жанып кету, күл болу. Барлығын үйге сала қойды өртті, Қалмастан к ү й і п а н ы п күл боп кетті. Күлдерін көлбағына салып алып, Үрледі оқып әпсун үшті-төртті (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). 2. Денесі қызып, ыстығы көтерілу. Аузымның дәмі қашып, тамаққа көңілім соқпай, етім к ү й і п а н ы п қатты ауырдым (С.Бегалин, Уақыт.). Ол қызуы көтеріліп, денесі жалынға оранғандай к ү й і п а н ы п, бір-екі түнді кірпік ілместен ұйқысыз өткізді (З.Қабдолов, Өмір.). Өйткені бала емізбеген соң, емшегін сүт кернеп, жарылып кете жаздап, тастай боп тырсылдап, денесі к ү й і п а н ы п, көп бейнет тартты. Көркембай көпті көрген әккі байғұс қой, суық суға орамалын малып тарта берді. Содан барып сүті қайтып тәуір болды (Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. ауыс. Ынтызары ауып, құштар болу. Ғашықтық келсе жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып. Тұла бойды тоңғызар үміт үзсе, Дәмеленсе, өртенер к ү й і п а н ы п (Абай, Тол. жин.). Сезіммен ыстық, тәтті к ү й і пж а н ы п, Бақшаға келді тұрған гүлге оранып. Жайдары жазғы түннің лебін жұтқан Қарсы алды қызғалдақтар шешек жарып (Т.Жароков, Таңд. шығ.). 4. ауыс. Күйіп-пісіп ашулану. Мен ағайыма тартпаппын, тез ысып, тез суимын. Ыза болсам, к ү й і п а н ы п дызақтап кетем (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).