КҮЙ

lat: KÚI

қазақ аспаптық музыкасында ертеден өркен жайған жанр. Әуен сазды, кейде программалы симфониялық сипат алатын шығарма. Домбыра, қобыз, сыбызғы күйлері әуендік құрылысы, орындау өзгешелігі ж ағынан сан алуан болып келеді. Домбыра күйлері әсіресе кең тараған және мазмұны, түрі, стилі жағынан өте бай болып келеді. Домбыра күйлері құрылысы, орындалуына қарай төкпе, шертпе деп аталады. Шертпе күйлер Орталық, Шығыс Қазақстан, Алтай, Шыңжан аймақтарында көбірек кездеседі. Күймен бірге күй аңыздарынын да қосқабат, қатар өмір сүруі оны фольклор мен әдебиетке де қатысты етеді. Абылқасымов Б.