КҮЙ

lat: KÚI

Жалпылама түрінде күй кез келген жүйе, оның ортаның координаттық объектілеріне қатысты жағдайын бейнелейтін сипаттама. Адамның күйін сырттай топшылауға болады. Тіршіліктің белгілі бір сәтіндегі организмнің жайлылық пен жайсыздықтың, қолайлылықпен немесе қолайсыздықтың адам санасында тіркелуі. Адамның күйі қоршаған орта мен жағдаятқа бейімделудің реттеушілік функциясы болып табылады.