КҮЙ

lat: KÚI

1. қазақ мәдениетінің негізгі түсінігі; 2. Тәңір сөзінің синонимі; 3. көңілдің ең жоғарғы сәті, көтеріңкі көңіл-күй; 4. қазақтардың дәстүрлі аспапты әуені. Орта Азия көшпенділерінің ең жоғары жетістіктерінің санатына жатады. Мазмұн тереңдігімен дамыған аспаптық өнер біздің дәуірімізге мінсіз және ықшамды үлгіде (2-3 минут ойналады) жеткен, оның ауқымы бұл әуеннен ғарыштық тербелістерді естуге көмектеседі.