зат. 1. Жатая оттың маңайындағы заттарға жұқтыратын қарағұрым дақ. Ұста дүкеннің іші өте ыссы, әрі шаң-топырақ, к ү й е (С.Шарипов, Бекболат). Қазанның түп к ү й е с і жұққан Сапақтың бет-аузы әлем-тапырақ (С.Талжанов, Ұлдай.). 2. хим. Органикалық заттар толық жанбағанда немесе термиялық айырылуға ұшырағанда түзілетін цнтақ тәрізді, негізінен, көміртектен (94,5-99,8 %) тұратын өнім; К ү й е н і ң сыр ретінде пайдаланылатын себебі сырлағыштық қасиетінің жоғары болуы (Химия өнімдері.). 3. зоол. Көбелектер отрядындағы ұсақ, реңі тартымсыз, адам мекендейтін жерлердің бәрінде кездесіп, жцннен, теріден жасалған бұйымдарды бүлдіретін зиянды жәндік. Жүнді к ү й е жемес үшін қаптарға нафталин я жұқа темекі қабыршақтарын сеуіп тастаған дұрыс (М.Ермеков, Қой жүні.).