КҮКІРТ

lat: KÚKİRT

зат. хим. <лат. sulfur> Иіссіз, сарғыш түсті тұтанғыш химиялық зат, элементтер периодтық жүйесінің алтыншы тобындағы химиялық элемент. Мұнайдың негізгі химиялық құрамы көміртегі мен сутек. Олармен қатар мұнай құрамында оттегі, азот және к ү к і р т кездеседі (М.Маташев, Қара алтын.). Елімізде Баку мұнайынан өте сапалы май алынады, майда ұшпалы заттар көп, к ү к і р т аз (СССР экон. геогр.). К ү к і р т металдармен реакцияласқанда өте көп жылу бөлініп шығады (ҚҰЭ).