сын. хим. Күкірт қосылған, күкірті бар. Туу, мынаның иісін-ай, бұл дәрінің аты не еді, шырақ? деп сұрайды Қырықбай. К ү к і р т т і көміртегі, деп жауап қатты Күләйша, жұмысын тоқтатпай (К.Баялиев, Жер.). Мысалы, к ү к і р т т і мұнай шайынды сулар мен химиялық ерітінділерді тасымалдауға пайдаланылады (Н.Нұрахметов, Синтетика.).