lat: KÚLDİ
(Алм., Шел.; Жамб., Шу; Шымк., Лен.; Шығ. Қаз., Күрш.) барлық, күллі.
Қазір малымыздың күлдісі күйлі (Алм., Шел.).
Сыпатай: мен енді көшіп-қонбаймын, бір жерге орнығамын деп күлді ботбайды көшіріп келіпті (Жамб., Шу).
Кеше күлді бауды мен өзім жинадым (Шымк., Лен.).
Кешелі бері күлді халық горный цехта істеп жатыр (Шығ. Қаз., Күрш.).