КҮЛДІР

lat: KÚLDİR

ет. Күлкі тудыру. Селдей тасыған қуаныш арасында ауық-ауық ән де естіліп қояды. Жұртты к ү л д і р і п, мәз-майрам етіп жүрген Күндебай (О.Бодықов, Бұлбұл.). Әзілдеп айтылған әсем сөз екеумізді де еріксіз к ү л д і р і п жібереді. Айдар әділ махаббатты сүйеді, ол оған қосылады, дедім мен Алтынға тіке қарап (Ә.Бүркітбаев, Мұғалім.). Шайға қанып құрыс-тырысы жазылып алған соң, Әлдекей қайдағы жоқ күлдіргі, қулық тауып алып, бәйбішесі өлгелі езу тартпаған ақсақалды к ү л д і р д і: тоқтының етін ақтап жеу керек қой (Ж.Аймауытов, Шығ.).