зат. 1. псих. Адамның шаттық, қуаныш күйіне байланысты шығатын үн, дыбыс; эмоциялық сезімін көрсететін қимыл (жымию, езу тарту, дыбыс шығару жән е т.б.). Баланың күлкісіндей к ү л к і с і қандай сүйкімді еді (К.Асанов, Сағыныш). Бақытжанның жымиып отыратын әдемі бір к ү л к і с і болушы еді, онысын жоғалтпапты әлі (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Естісем к ү л к і, назыңды Аспаным сергіп қалатын. Әкелші менің жазымды, Әкелші аққу қанатын (Н.Шакенов, Айгүл.). 2. Әжуа, мазақ, келеке. Ойланып қалғаным рас, Асеке. Сіздің жаңағы сөзіңізді айтам, сіз тұрғанда біздің директор болуымыз ұят, к ү л к і (М.Дүйсенов, Гүлжан.). Бұл қарсы топтың к ү л к і, сықақ, келеке, тәлкегіне шыдай алмай келе жатқан колхоз председателі Байсал Адасов (Ш.Хұсайынов, Қызыл жалау.). Лаврецкий өзін еркін сезіне алмайтын, іштей ойланғанда өзін-өзі к ү л к і адамдай көретін. Ағылшынқұмар әке ұлын мазақ еткендей із қалдырды: айнымалы тәрбие өзінің жемісін бермей қойған жоқ (М.Әуезов, Шығ.). Елубайдың оң жамбасы көбінесе, ерекше мінезді (характерный) рольдерге бейім. Ол не қыса, небір сорақысы сойдиып шығып тұрған я к ү л к і, я алыпқашпа, я бір құныс, не маймақ біткен тұлғалар болады (М.Әуезов, Шығ.).