КҮЛКІЛДЕ

lat: KÚLKİLDE

ет. Күлк-күлк ету, көлкілдеп қатты ісіну. Бруцеллездің ауыр және созылмалы түрінде адамның көзінің алды кей кезде к ү л к і л д е п ісіңкі болады (А.Дайыров, Хи-рург.). Жолшыбай Молша ауырып, тұла бойы к ү л к і л д е п ісіп кетіп, жігіттер оны кезекпен арқалады («Қаз. әдеб.»). Райхан инені суырып ап, аспазшының білегін басып қараса, қол терісі к ү л к і л д е п шыға кепті (З.Шашкин, Өмір.).