КҮЛКІЛДЕ

lat: KÚLKİLDE

ет. Көлкілдеу, әрліерлі толқындана қозғалу, желбіреу. Шәмшидің күйеуі келгенде жұрт масайрап, Күнікейдің құрбы-құрдастары атлас, торғын, жібек, бәтес, мақпал, барқыт киіп, күміс баулы, сандық шомбал шолпылары күнге шағылысып, құйымшағын созып, қызылды-жасылды, оқалы, зерлі тақиялардың шоқпардай үкілері үлпілдеп, күлтелі қосетектері к ү л к і л д е п, он кез бәтесті аяғымен теуіп, бұлғаңдап, сәнденіп жүргенін көргенде, Шекердің іші қазандай қайнайды, оларды көргенде Шекердің көзі мұзға тайғандай сырғанап өте шығады да, көрмегенсіп, қырын қарап кетеді (Ж.Аймауытов, Шығ.).