КҮМІС

lat: KÚMİS

зат. хим. <лат. argentum> Сапа жағынан құнды ақ түсті қымбат металл, химиялық элемент. Алюминий және басқа металдарға қарағанда, к ү м і с т і ң электр тогы мен жылу өткізгіштігі артығырақ (Қаз. тілі термин. Химия). Табиғатта саф күміс түрінде, күкірт және хлор қосындылары түрінде кездеседі. К ү м і с т і ң өнеркәсіптік минералы: саф күміс, электрум, аргентит, прустит, пираргирит, кераргирит, сондай-ақ құрамында күміс бар галенит, энаргит, халькопирит, пирит. Арсенопирит және басқаларының маңызы зор (Қаз. тілі термин. Химия). Малдырып сап алтынға үзеңгіңді, Тағаңды шын к ү м і с т е н қақпадым ба? (А.Байтұрсынов, Шығ.). Алтын, к ү м і с, қорғасын, Мұнай, көмір, жез бен мыс. Жылдан-жылға көбейіп, Кеңейтіп келеді көлемін (Жамбыл, Шығ. жин.). // Күмістен жасалған. Бұдан он шақты күн бұрын алты қанат ақ отаудың жанында емен тұғырлы, к үм і с балақ баулы бүркіт отыр еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Үлкен қамыс тегенеден сылдырмақты күміс ожаумен құйылған көп сыры тостағандағы қымыз Абайдың өзінен бастап, үй ішіндегі қонақтың бәрін жағалады (М.Әуезов, Таңд.). К ү м і с тістің қызыл иегін бұзылудан сақтайды, түрлі бактерияларды жоя отырып, ішек-қарын жолдарын тазалайды (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.). // бейн. Мөлдір, тұнық, жарқыраған, көзге шағылысқан жалтыр. Ләйлінің Жайық қызы екені рас. Жайық десе ай астында тынып ағып жатқан к ү м і с өзен келеді көз алдына (Ә.Тарази, Асу). Телміре қарап тау да оған Тіге ме деймін құлағын. Күйінен соның аумаған Құйып тұр к ү м і с бұлағын (Ғ.Орманов, Көгілдір.). Ми дала, меңіреу шөлдер, к ү м і с көлдер Мекенім, Ертісте елім ірге жайған (Ақын жырлары). Күміс таң жерге к ү м і с сәуле шашты, Сәуле мен қараңғылық араласты. Алыспас адал, арам бекерге ұзақ, Жеңіліп қараңғылық жылжып қашты! (М.Жұмабаев, Шығ.). // бейн. Ақ шалған, ағарған. К ү м і с сақалы желбіреген, жалпақ жаурынды, қалың қабақты қарттың соңында әрқашан қара тазы, қолында ақиық бүркіт жүреді («Қаз. әдеб.»). Маңдайына түскен екі-үш әжім сызаты мен самайындағы күзгі ақ таңдақ қырау тәрізді к ү м і с шаштары да тұңғыш рет байқалды (С.Жүнісов, Өшп. іздер.). Сонда әжесі сипап к ү м і с самайын, Күлімдеді шола қарап маңайын. Аспан кілтін ашқан менің ұлқызым, Солар тақты көктің алтын жұлдызын (М.Хакімжанова, Гүл.).