зат. 1. Мешіт, сарай т.б. құрылыстардың сәнді өрнектермен әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі. Сүйінқара батырдың соңғы айтқаны есіне түскен Махамбет аспанға көз тастап, мешіттердің к ү м б е з д е р і мен мұнараларына ұзақ қарады (Ә.Әлімжанов, Махамб ет. ). Қарашы, Қарағанды к ү м бе з і н е Бойлаған мұнарасы күн көзіне; Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына, Қуантып, тартпас сірә кімді өзіне (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.). 2. құр. Жалпы жобасы шеңберленіп келген (кейде көп қырлы, эллипске ұқсас т.б.) ғимараттар мен құрылыстардың төбесін жабуда қолданылатын құрылымдық бөліктің бір түрі. К ү м б е з ғимарат төбесін құрсаулай бүріп тұрумен бірге үстіңгі салмақтың қабырғаға біркелкі таралып түсуін қамтамасыз етеді (ҚҰЭ). К ү м б е з д і ң ежелгі дәуірде тастан немесе қызыл кірпіштен салынған түрлері белгілі (ҚҰЭ). 3. ауыс. Бас киімнің төбесі. Малшы жазда басына шұғадан немесе сәтеннен тымақ үлгісімен астарсыз үш бұрышты етіп пішілген, к ү м б е з і н і ң алдында арнайы күнқағары бар жалбағай, далбай, күлпәра киген (Ө.Жәнібеков, Қазақ киімі).