КҮНІМ

lat: KÚNİM

зат. экспр. 1. Баланы жақсы көріп еркелеткенде, еміренгенде жаным деген мағынада айтылатын атауыш. Ғазиза ана соны айтып, К ү н і м, деді Ермегін. Әңгімемен үйіне Бірақ сезді келгенін (Торы тайым). Күні кешеге дейін «айым, к ү н і м» деп, мұның бетінен қақпайтын өмірдегі жалғыз аяулы анасын Дәмежан қалай жерге қаратып, тайып отырмақ ( Ә. Қалмырзаев, Ар.). 2. Сүйген адамын жақсы көретіндігін, еркелеткенін білдіргенде айтылатын атауыш. Қайдан тигем, Қайдан сүйгем? Тіпті маза бермеді... Жаным, к ү н і м, Қызыл гүлім, Анна, Анна! Кел бері! (Б.Майлин, Таңд. шығ.).