КҮНІНЕ

lat: KÚNİNE

үст. Күн сайын, күнде. Сұлтанмахмұт медреседегі өзімен сабақтас шәкірттер ішінде орыс тіліне алғыр да қомағай, зейінді жас екенін Якуп жақсы таныды. К ү н і н е бір сағат кешкілікте сабақ беріп тұратын боп келісті (Д.Әбілев, Ақын.). Бар еді бір қатында жалғыз тауық, К ү н і н е бір жұмыртқа тұрды тауып. Жем көп берсем к ү н і н е екеу табар Дегенге кетті әйелдің көңілі ауып (Ө.Тұрманжанов, Қарлығаш).