КҮНІС

lat: KÚNİS

ет. Күнсі. Шеше сағынған баланың ыстық басы бала сағынған ана кеудесіне к ү н і с і п жатқан жерге тиген жылы жаңбырдай еміренте де тебіренте тиді... (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.). Кеудесіне оттай ыстық тиген Қартайдың басын айқара құшып алып, к ү н і с к е н төбесінен сүйе берді, сүйе берді (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).