lat: KÚNDİK
1. (Алм., Жам.; Шымк., Лен.; Жамб., Шу; Көкш.: Чкал., Уәлих.; Қост., Фед.) әйелдердің бір тартар ақ орамалы.
Есік алдында тұрған әйел басындағы күндігін сипалап түзетіп қойды (Шымк., Лен.).
Мұғалім Арайдың басындағы күндікке қарап біраз тұрды (Ш. Мұрт., 41-ж. кел„ 35).
2. (Талд., Қарат.) әйелдер басына салатын үлкен орамал.
Қыс тартарға күндігім жоқ, қайтерімді білмеймін (Талд., Қарат.).