зат. 1. этн. Кимешектің үстінен жалпақ етіп орайтып ақмата, әйелдің баскиімі. К ү н д і к күннің аптабынан, желдің өтінен қорғайды (ҚҰЭ). К ү н д і к әйел жаулығы (үлкендігі 3 метрден 5 метрге дейін келетін шүберек, оны басқа шалмамен орап тастайды) (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Бүркенген шәлісіне тұмшаланып татар байларының қызкелін, ханымдары отырса, қазақтың кимешек киіп, к ү н д і г і н қоқырайтқан әйелдерінің де бастары әр жерден ағараңдайды (І.Жансүгіров, Шығ.). Бәйбіше шекесіне салып к ү н д і к, Азырақ сығырайтып ашып түндік. Кеудесін көйлегінің желпе түсіп, ішіне шым көйлектің отыр сүңгіп (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Көйлек киіп, басына салды к ү н д і к. Қылығына Құдайдың біздер көндік, Бір молданы алып кел халалдыққа, Саған тиген диуанам бұл бір теңдік! (М.Көпеев, Шығ.). 2. ауыс. Таудың басы, жоғарғы жағы. Алатаудың к ү н д і г і н Алтын бұлт арда еміп, іргесі жаз, түндігін Мұз бен жатыр қар көміп (Т.Жароков, Шығ. жин.). Анамыздай Қазығұрт Оранған күннен к ү н д іг і н Өлкеміз жайнап өскен жұрт Бақытпен ашқан түндігін (О.Малқаров, Менің ізім).