КҮНДІК

lat: KÚNDİK

сын. 1. Бір күнге жетерлік; бір күнге созылған. Қайғысы не десең мақалдарынан танырсың: әуелі «түстік өмірің болса, к ү н д і к мал жи» (Абай, Тол. жин.). Бірақ олар 27 к ү н д і к, 11 жылдық және ғасырлық циклдардай әбден анықталған емес (Т.Омаров, Күн. құбылыс.). 2. Күнделікті, күнбе-күнгі. Енді оқуды сағатқа бөлудің не керегі бар? К ү н д і к (3,4 сағаттың) сабақтың жобасы көрсетілді ғой (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.). Сөйтіп комплекспен оқытуға көптен-көп керегі к ү н д і к жұмыстың жоспарын жасап алу екен (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).